Арал теңізіндегі кемелер "зираты" (видео)
Арал суының тартылуы экожүйені ғана емес, мыңдаған адамның тағдырын өзгертті. Кешегі балықшы бүгін диқаншы, кешегі кемеші бүгін трактор айдап жүр. Ал, олардың балалары теңіз жайлы көбіне қиялға ұқсас аңыз-әңгімелер ғана естіген. Ес білгелі көргендері суы жоқ жазық дала мен сонау алыста жатқан тастанды кемелер. Бұл кемелердің көлемі де, атқарған жұмыстары да әр алуан. Бірі балық аулауда пайдаланылған, бірі жүк тасыған, енді бірі, КСРО-ның ғарыш бағдарламасына қатысқан деседі. Қалай болғанда да қазіргі жағдай осындай. Теңіз жоқ. Орны "зиратқа" айналған – кемелер "зиратына". Бүгінде мұндай "зираттардың" саны бірнешеу.