Аппарат мәжілісі өтті
Мәжіліске дербес бөлім, мекеме, кәсіпорын басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері «ZOOM» плтформасы арқылы қатысты.
Күн тәртібінде көктемгі дала жұмыстарының атқарылу барысы және мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастырудың жайы туралы мәселелер қаралды.
Алдымен аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Жұбанов көктемгі дала жұмыстарының атқарылу барысы туралы хабарлама жасады.
Ауылшаруашылығы бөлімі басшысының баяндамасына сәйкес аудан бойынша 2022-2024 жылдарға арналған ауылшаруашылығын дамытудың жол картасы бекітілген. Қазіргі таңда, барлығы 494,2 гектар жерге жырту, дайындау жұмыстары жүргізіліп, 10,7 гектар жерге картоп, 150,5 гектарға бақша, 46,5 гектарға көкөніс және 121,5 гектар жерге жаңа жоңышқа дақылдары егіліп, 73 гектар ескі жоңышқа суарылғандығын, барлығы 402,2гектар жерге түрлі егістік дақылдары орналастырылғанын жеткізід. Бүгінде ескі жоңышқаның бірінші орымы орылып, 139 тонна мал азығы әзірленгенін де атап өтті.
Мұнымен бірге хабарлама барысында сыр беткейдегі ауылдық округтерде егіс егу жұмыстарының жопарға сәйкес орындалуына және аудан халқын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жеке тұрғындардың өз аулаларында егіс егу жұмыстарының жүргізілуі жөніне тоқталып өтті. Егін егу жұмыстырының барысы бойынша ауылдарды аралау кезінде кейбір ауылдық округтерде аталған жұмыстардың орындалмағанын да атады.
Баяндамашыдан соң аудан басшысы берілген жоспарға сәйкес егіс егу жұмыстарын толық жүргізбеген ауылдық округтерді қатаң сынға алды. Содан соң, аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішевке ауылшаруашылығы бөлімімен бірлесіп егіске қажетті тыңайтқыштар, арамшөптерді жою үшін қолданылатын химикаттарды уақытылы қамтамасыз етуді және кент, ауылдық округ әкімдеріне бақша, көкініс, жоңышқа егу жұмыстарын жоспарға сәйес толық орындалуын, аудандық аумақтық инспекция бөліміне егін шаруашылығына зиян келтіретін жәндіктердің пайда болуының алдын алу және дер кезінде жою бағытында уақытылы шаралар қабылдау жөнінде қатаң тапсырма берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастырудың жайы жөнінде Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы С. Жанназарова баяндады.
Баяндамада аудан оқушыларын жазғы кезеңде сауықтыру, демалыс мезгілдерін жаңаша қолдану және мәдениетін қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталды.
Сонымен бірге, жаз айларында келеңсіз жағдайлардан сақтану оның ішінде өрттен, суға түсудегі қауіпсіздік шаралары, тамақтардан уланудан қорғану, жол-көлік оқиғаларынан абай болу жолдарын үйрету, оның алдын алу мақсатында білім беру мекемелерінде оқушыларға және олардың ата-аналарына онлайн, офлайн арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Хабарламашыдан кейін сөз алған аудан әкімі аудандық білім бөлімі қала кент ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс кезеңінде мектептен тыс үйірмелермен қамтамасыз етуді, балалардың белгіленген аймақта суға түсу барысында сақтық шараларын қатаң сақтауын қамтамасыз етуді жүктеді.
Бұдан бөлек, сала орынбасары мен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіне балалардың жағажайларда суға шомылудың қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуын, оның ішінде балалардың қауіпсіздігіне баса мән беруді, қауіпті учаскелерге суға түсуге тыйым салынғандығы жөнінде тақтайшаларды орналастыруды тапсырды. Ал ішкі саясат бөліміне суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттарды жергілікті газет басылымына, әлеуметтік желілерге насихаттау жүктелді.
Аппарат мәжілісінде талқыланған екі мәселе бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау аудан әкімінің жауапты орынбасарларына тапсырылды.
"Толқын" ақпарат