Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Аудан әкімі БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қадірлі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Құрметті сала ардагерлері!
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Журналист болу – халыққа қызмет ету. Сондықтан да журналистика саласына артылар міндет пен жүк жеңіл емес.
Бүгінде ақпарат айдынында еңбек етіп жүрген тілшілер қауымы заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүр. Мемлекетімізде баспасөз бен тележурналистика, ақпараттық сайттар заман талабына сай түрленіп, қоғамға қажетті маңызды ақпараттарды уақытылы таратып келеді. Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуда билік пен халық арасында алтын көпір болып жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің рөлі қашан да жоғары.
Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Алаштың ардақты азаматы, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» демекші, осы салада қызмет етіп жүрген жергілікті ақпарат құралдарының еңбектері өлшеусіз. Сіздер аудандағы жаңалықтарды салмақты сөз, салиқалы пікірлеріңізбен жеткізіп, халықтың жүрегіне жол тауып келесіздер. Өңір тынысымен халықты дер кезінде құлағдар ету бағытындағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер.
Сіздерге ақпарат айдынындағы қажырлы қызметтеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіре отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен шалқар шабыт тілеймін. Мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі С.Сермағамбетов
28 маусым 2022 ж. 829 0