Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан аумағында өткен жылғы төтенше жағдайдың аясында атқарылған жұмыстар есебі талқыланды

Аудан аумағында өткен жылғы төтенше жағдайдың аясында атқарылған жұмыстар есебі талқыланды

Кеше аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Комиссия жанындағы жұмысшы топтың отырысына комиссия мүшелері, тиісті мекеме басшылары сондай-ақ, кент және ауылдық округ әкімдері «Zoom» платформасы арқылы қатысты.

Күн тәртібінде 2021 жылы ауданда қуаңшылық салдарынан орын алған төтенше жағдайға байланысты атқарылған жұмыстар қаралды.

Аудан әкімінің орынбасары аудан аумағында орын алған төтенше жағдайдың салдарын жою іс-шара жоспарына сәйкес қажетті жем-шөп азығы тасымалданып, жайылымдарды суландыру мақсатында каналдарға тазарту жұмыстарына тоқталып өтті.

Аталған жұмыстар барысында «Бұрмақұлақ» арнасы бөгеліп, «Аспай» су ағытқысына қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесі суға толтырылды. Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде және биылғы жылы жауын-шашын мөлшерінің мол болуы шөптің шығымына да үлкен пайдасын тигізгендігін атап өтті.

Комиссия жанындағы жұмысшы топтың отырысында Арал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 5-шешімі аясында атқарылған жұмыстар пысықталды.

Жиында алдағы қыс мезгіліне қажетті жем-шөп азығын дайындау мәселесі қаралып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

29 шілде 2022 ж. 515 0