Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанай облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Қостанай облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қостанай облысындағы табиғи өртке байланысты көмекке мұқтаж халық ТЖД-да ашылған жедел желі телефонына хабарласуына болады. Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырды. ТЖ министрлігі мен ТЖ департаментінде 8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24 номерлері бойынша жедел желі ашылды. Психологтар да жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар көмекке мұқтаж азаматтар 112 немесе 101 телефондарына хабарласуына болады. Сондай-ақ Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтауда», деп жазылған хабарламада.

04 қыркүйек 2022 ж. 274 0