Облыс әкімі Қамыстыбас ауылдық округіндегі модульдік станция жұмысын көрді

9 бөлмеден тұратын бөлімшеде медициналық пункт, кезекші диспечерлік және компрессорлық бөлме қамтылған.
Аумағы 250 шаршы метрді құрайтын орталық төтенше жағдай кезінде тұрғындарға оперативті көмекті жылдам үйлестіруге мүмкіндік береді.
Арал ауданындағы сапары соңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудан әкіміне Президент Жолдауынан туындаған міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырды.



Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі