Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанайға көмек: Аралдықтар игі істен шет қалмады

Қостанайға көмек: Аралдықтар игі істен шет қалмады

Арал ауданының жұрты да қостанайлықтармен бірге. Кешелі бері теңізді өлке тұрғындары өрттен зардап шеккендер үшін қажетті заттар мен азық-түлік қорын жинап, қол ұшын созуға асығуда. Бүгінде «AMANAT» партиясының аудандық филиалында гуманитарлық көмек көрсету штабы құрылған. Қостанайдағы жағдайға бей жай қарамаған аралдықтар алғашқы күннен-ақ, шама-шарқынша азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттарды әкеліп өткізуде. Жиналған қор бірер күнде солтүстік аймаққа жөнелтілетін болады.

Ержан Сабырбай, белсенді:

Демеушілер тарапынан, аудандық мәслихат депутаттарынан, кәсіпкерлер тарапынан көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлі де біз Қостанай халқына тағы да гуманитарлық көмек жеткізу жұмыстарын жеткізетін боламыз.

"Толқын" ақпарат
07 қыркүйек 2022 ж. 415 0