Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы аудандардағы мектептерді аралады

Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы аудандардағы мектептерді аралады

Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет 16-17 қыркүйек күндері Қармақшы және Жалағаш аудандарына іссапармен барып, бірқатар білім беру ұйымдарының жылу маусымына дайындығы мен күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептерді аралады.

Басқарма басшысы ең алдымен Қармақшы ауданы бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін ІІІ Интернационал ауылындағы №108 мектепке, Ақтөбе ауылындағы №109 және Тұрмағанбет ауылындағы №29 мектептерге барып, жөндеу жұмыстарының жоспарымен танысты. Сонымен қатар аудан орталығында ағымдағы жылдың қазан айында аяқталуы тиіс №30 мектептің газдандыру жұмыстарының жай-күйін де көріп қайтты.

Мұнан соң, облыстық бас ұстазы Жалағаш ауданына барып, білім беру ұйымдарының жылу маусымына дайындығын тексеріп, күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің жоба сметалық құжаттарының жасалу барысымен танысып қайтты. Сондай-ақ, Мейрамбек Зинабдинұлы аудан орталығында орналасқан №123 мектеп-лицей ғимаратының жанынан салынатын 200 орындық қосымша ғимарат құрылысын салу мәселесін талқылап, №31, №33 мектептерінің де жөндеу жұмыстарының жоба сметалық құжаттарын аяқтауды тапсырды.

kyzylorda-news.kz
19 қыркүйек 2022 ж. 359 0