Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылда кәсіпкерлікті дамыту маңызды

Ауылда кәсіпкерлікті дамыту маңызды


Бүгінде Арал ауданында мемлекет мүмкіндігін тиімді пайдаланған елді мекен тұрғындары өз істерін өрістетуде. Былтыр 15 округте 638 млн теңгенің жобасы іске асырылған. Сондай-ақ, аудан үстімен өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық тасжолы да іскер азаматтарға оңтайлы болып отыр. Осыған дейін жұмыс істеп келген жол бойындағы 2 сервистік нысанға жеке кәсіпкер Г.Елешованың «С» санатты кешені қосылды. Биыл тағы екеуінің құрылысы жалғасуда. Ал аудан орталығынан ашылған кәсіпкер Б.Жандаулетовтың «Ер-Ай» сауда орталығы қаланың батыс беткейіндегі тұрғындар үшін қолайлы орын болып отыр.
Өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілген несие өз нәтижесін берді деуге болады. Оған дәлел ретінде ауданда тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің 110,1 пайызға өскенін айтуға болады.
02 ақпан 2018 ж. 2 235 0