"Алтын дән – 2022”
Мұнда аралдық дихандар мен шаруалардың және балықшылардың 80 тоннадан астам тауарлары саудаланды.
Жәрмеңкеге 15 жүк көлігімен азық-түлік әкелініп, нарық бағасынан төмен бағада сатылды. Олар: 15 тонна балық, 5 тоннадан астам ет(жылқы, сиыр, түйе), 3 тонна ас тұзы, 60 тонна көкөніс пен бақша өнімдері, 120 бас қой, сүт және сүт өнімдері.




