Ауданда «Банк ЦентрКредиттің» бөлімшесі ашылды

Біз аудан тұрғындары мен жеке кәсіпкерлердің таңдау еркіндігі болу үшін жыл басында «КМФ» шағын қаржы ұйымының өкілдігінің ашылуын қаматамасыз етсек, енді «Банк Центр Кредит» банкінің ауданымызда ашылуына ықпал жасадық. Қазіргі таңда ауданымыздағы халық саны жыл санап артып, кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Сондықтан да аралдықтар үшін осындай қаржы ұйымдарының көптеп ашылуы біздің халқымыз үшін қолайлы болмақ. Жаңа орталықтың жұмысына сәттілік тілеймін»,- деп ізгі лебізін білдірді.
«Банк ЦентрКредиттің» Еліміз бойынша 19 филиал, 135 бөлімшесі бар екен. Облыс бойынша төрт бөлімшесі бар банк Шиелі, Жаңақорған, Қазалы және Арал аудандарында өз бөлімшелерін ашып, халыққа қызмет етіп келе жатыр. Аудандағы бөлімшеде 11 адам жұмыспен қамтылып, түрлі қызмет түрлерін көрсетуде. «Кәсіпкерлерді қолдау мен даму» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен 5 пайыздық несие беріледі. Бүгінде 130 млн. теңгені құрайтын 33 кәсіпкердің жобасы несиелендірген. Одан бөлек несиенің түр-түрі кепілдікпен, кепілдіксіз және жұмысшылар мен зейнеткерлерге, сондай-ақ пайдалануға арналған арнайы карталар, олардың мобильдік қосымшасымен бірге бар. Банктің корреспонденттік желісіне 40-қа жуық шетелік банк кіреді, ол арқылы әр азамат әріптестерімен дүние жүзі бойынша есеп айырыса алады.

"Толқын" ақпарат