3 ақпанда қызылордалық оқушылар қашықтан білім алады

“Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 3 ақпан күні, яғни ертең 0-11 сыныптар аралығындағы оқушылар қашықтықтан оқытылады”, делінген басқарманың таратқан хабарламасында.
Айта кетейік, облыстық интернаттарда сабақ процесі қалыпты жағдайда жүргізіледі. Ал жеке мектептердегі оқу форматы мектеп құрылтайшыларының шешіміне сәйкес іске асырылады.
Жаңақорған мен Шиелі аудандарын қоспағанда 208 мектептегі 140 033 оқушы ертең қашықтан оқитын болады.
kyzylorda-news.kz
Фото: halyqline.kz