Аралда ауыл шаруашылығын дамытудың жол картасы бекітілді

-Былтыр аралдық еңбеккерлердің тынымсыз тіршілігінің арқасында ауданымыз «Мал және балық шаруашылығын дамыту» бойынша үздік аудан атанды. Бұл көрсеткішті одан әрі дамыту мақсатында өткен жылы ауыл шаруашылығын дамытудың жол картасын бекіттік. Осыған сәйкес, бірінші кезекте жайылымдық, шабындық және суармалы егістік жерлерді суландыру мәселесін алға қойдық. Осы бағытта 13 су ұңғымасы қазылып, 10 канал тазартылды. Екіншіден, егін шаруашылығын дамыту қолға алынды. Үшінші бағыт Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесін ретке келтіру үшін дарияның «Бұрмақұлақ» учаскесін бөгеп, «Аспай» суағытқысын іске қостық. Бұл жұмыстар осы екі көлді толтыруға септігін тигізіп, балық аулап, нәпақасын тауып отырған тұрғындар үшін үлкен жемісті жоба болды. Ауданымызда мал шаруашылығы тұрақты дамуда. Қазіргі таңда 53,6 мың бас мүйізді ірі қара, 83,7 мың бас қой мен ешкі, 49,3 мың бас жылқы, 33,3 мың бас түйе және 4 мыңға жуық құс бар. Сәйкесінше, жыл көлемінде ет өндіру 102,4 пайызға, сүт өнімі 102,6 пайызға, жұмыртқа 102,0 пайызға өндірілді, - деді аудан әкімі Серік Сағитжанұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: halyqline.kz