Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент сайлаудан кейін тың бастамаларын жариялайды

Президент сайлаудан кейін тың бастамаларын жариялайды

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тұрақтылық бар жерде ғана даму, өркендеу болады. Ел бірлігі – реформаларды табысты жүзеге асырудың басты кепілі. Сондықтан ырысты ынтымақпен білек сыбана жұмыс істеуіміз қажет», деп атап өтті Президент.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті жан-жақты жаңғыртуға бағытталған жұмыс болашақта да жалғасын табатынын айтты.

«Осы орайда мен бірқатар тың бастамаларды ойластырып жатырмын. Оны сайлаудан кейін жария етемін», деді Мемлекет басшысы.
13 наурыз 2023 ж. 230 0