Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел болашағы үшін таңдау жасадым

Ел болашағы үшін таңдау жасадым

Бүгін барша қазақ халқы үшін маңызды күн. Таңсәріден бастап еліміздің әрбір азаматы болашақ үшін таңдау жасап, үлкен үміт артып отыр. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына аудан тұрғындарының қызығушылығы жоғары. Иә, мен де өз таңдауымды жасап, дауыс бердім.Менің ойымша еліміздің әрбір азаматының дауысы маңызды. Сол үшін барша Қазақстан азаматы сайлауға барғаны дұрыс. Бұл сайлаудан кейін оң өзгерістер күтемін, әрине мұны барлық халық күтеді. Осы тұста бүгінгі өтіп жатқан сайлаудың маңызы зор екендігін кейінгі жастарға да үлгі ете білуіміз қажет. Болашақ елдің тұтқасын ұстаушы көптеген кәмілетке толған жас азамат жеке тұлға ретінде сайлауға барып, таңдау жасап жүр. Бұл да үлкен қуаныш. Себебі ел келешегін ойлайтын осындай жастардың көптігі барлығымызды қуантады.
Нағыз халықтан сайланған кандидаттар Мәжіліске барса, бұл үлкен жетістігіміз. Алдағы уақытта еліміздегі басты мәселелер шешімін тауып, әрі қарай дамитынына сенімім мол.
19 наурыз 2023 ж. 270 0