Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы қызылордалықтарды құттықтады

Аймақ басшысы қызылордалықтарды құттықтады

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалықтарды 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

«Ардақты ағайын! Қадірлі жерлестер! Наурыз – көнеден келе жатқан мағынасы мәнді, тағылымы терең мереке. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналды.
«Наурыз» сөзі біріншіден, «жаңа күн» дегенді білдірсе, екіншіден, күн мен түн теңеледі, сондықтан барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Ырымшыл халқымыз көптеген елеулі істерін осы күнге туралап үмітін үкілеген, кеткеніміз келсін, кемтігіміз толсын деп тілектерін жүректеріне байлап, елдің береке-бірлігін ту еткен.
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана хал­­қымызда ерекше сән-сал­та­натпен аталып өтеді. Бұл бір жағынан өткенді саралап, бола­шағымызды болжайтын айрықша маңызға ие.
Кейингі уақытта аймақта қаншама игілікті іс атқарылюда. Сыр өңірі сан-салалы серпілістің алтын бесігіне айналуда. Қашанда ауызбіршілігі мен ынтымағы берік Сыр халқы Парламента Мәжілісі және мәслихат депутатың сайлауында жарқын болашақ үшін белсенділік танытты. Сындарлы сәтте көрінген нық ұстаным мен ортақ мүддеге деген көзқарас елдіктің мерейін әрдайым асқақтата берсін! @Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық. @Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз аман, бейбітшілік заман болсын. Әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін», - деді облыс әкімі.

kyzylorda-news.kz
22 наурыз 2023 ж. 231 0