Аралдық мемлекеттік қызметшілер отбасы «Дәстүрлі отбасы» номинациясын иеленді

«Отан отбасынан басталады» десек, байқау өнегелі отбасы құндылықтарын жаңғырту, отбасы мәртебесін көтеру, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершілігін арттыру, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін насихаттауды мақсат тұтты.
Байқауда нәрестені қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу, сырға салу, қыз ұзату секілді салт-дәстүрлер көрінісі көрсетілумен қатар, табақ жасау жоралғысы, әкелердің ептілігі мен аналардың тағам жасаудағы шеберлігі де сайысқа түсті.
Сайыс қорытындысымен «Дәстүрлі отбасы» номинациясын Арал ауданынан қатысқан Е. Сембековтер отбасы иеленді.
Жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
"Толқын" ақпарат