ТАЗАЛЫҚҚА ЖАУАПТЫ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Осыған дейін қаламызда тазалық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп келгені белгілі. Бұл шаралар әрі қарай да жалғасын табады. Осы орайда барша қала тұрғындарынан айналасын таза ұстауын, туған жер тазалығына өз үлесін қосуын сұраймыз! Қала тазалығы баршамыздың ортақ парызымыз екенін ескере отырып, ретсіз қоқыс тастамауға, сенбіліктерге қатысуға шақырамыз!
Айта кету керек, қазіргі таңда қала тазалығына жауапты мердігер мекемелер кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандар және тұрғындармен келісімшартқа отыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған мердігер мекемелермен келісімшартқа отыру үшін төмендегі байланыс телефондарына хабарласуларыңызға болады.
Байланыс телефондары: +7 775 779 85 43 - “Қуанышбек” ЖШС, +7 775 606 82 01 - “Қуаныш” ЖК