Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық зияткерлер айтыскер ақындармен кездесті

Қызылордалық зияткерлер айтыскер ақындармен кездесті

Қызылорда қаласындағы NIS-те Замандастар жобасы аясында «Сыр шерткен сыр саңлақтары» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті.

Өңірдегі жас ақын-жазушылардың шығармашылығымен оқушыларды таныстыруды мақсат еткен шараға айтыскер ақын, ұстаз Ержеңіс Әбдіұлы мен айтыскер ақын, жырау Бексұлтан Орынбасар қатысты.

Бексұлтан Орынбасар оқушыларға сыр өңіріндегі жыраулар мектебі, айтыс өнері, өзінің шығармашылық дамуы жайлы танымдық ақпарат берсе, Ержеңіс Әбдіұлы жазба ақын қырағы, ізденімпаз, еңбекқор, адал, жан-жақты болуы керектігіне тоқталып, ақынның өлеңдері елге, қоғамға пайдасы тисе ғана өміршең болатындығы жөнінде әңгіме өрбітті.

Мектебіміздің жас ақындары 9 «D» cынып оқушылары Балнұр Жақсыбай «Абай атаға арнау», «Аралым», Бақдәулет Ибайдулла «Әуезовке арнау», 10 «С» сынып оқушысы Бекжан Бектұрған «Тәуелсіздікке тарту», 11 «С» сынып оқушысы Нұрназар Түрікбен «Мейірімнің үні» сынды әр алуан тақырыпта өлең оқып, алдыңғы буын ағаларының батасын алды. Ал 7-8 сынып оқушылары ақындар жырларының желісін суретпен жеткізді.

Шығармашылық кеш соңы қос айтыскердің кітап пен телефонның пайдасы туралы тартысты айтысына ұласты.

kyzylorda-news.kz
03 мамыр 2023 ж. 194 0