«1 тоннаға дейін көтереді». Аралдық кәсіпкер балықшылар сұранысына сай қайық жасап жүр

Тапсырыс негізінен Балқаш, Қапшағай, Каспий жұртшылығынан көптеп түседі екен.
«Бұрын цехта тек теңіз мұзы еріген кезде жұмыс қызатын. Қазір бір тынбаймыз. Өйткені шаруаның тең жартысын автоматты құрылғы атқарады», – дейді кәсіпкер.
Бір қайықты үш күнде дайындап бітіреді екен. Бағасы 450 мың теңгеден басталады. Бүгінде кәсіпорында 10 шақты жұмысшы «Қазақстанда жасалған» брендін қалыптастыруға атсалысып жүр.
Назерке Саниязова
aqmeshit-zhastary.kz