Қызылорда: ІТ мектеп мүмкіндік мекені
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы І.Қабылов атындағы №12 ІТ мектеп-лицей ұжымымен кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізді.
Кеңесте бөлім басшысы мұғалімдердің сағат бөлінісін дұрыс бөлу, оқушыларға жайлы жағдай жасау, мектеп бітіру кешіне ақша жиналмау керегін қатаң ескертті. Сонымен қатар, оқушылардың білімді, өнерлі болуы білікті ұстаздың қолында екенін жеткізді.
Жиында мектеп директоры Жадыра Садыққызы атқарылған жұмыстар мен мектептің даму жоспары жайында баяндама жасады.
«Жалпы, 2022-2023 оқу жылында мектепте 1156 оқушы білім алуда. Барлық мұғалімдер саны139. Оның ішінде педагог-зерттеушілер саны-40, педагог-сарапшылар саны-47, педагог-модераторлар саны-20, педагогтер саны-27, І санатты-1 мұғалім, ІІ санатты-4 мұғалім оқушыларға білім беруде. Конкурстар, олимпиада, ғылыми жобалар нәтижесінде қалалық кезең бойынша 22-І орын, 19-ІІ орын, 29-ІІІ орын иеленсе, облыстық кезең бойынша 6-Іорын, 5-ІІ орын, 6-ІІІ орын; Республикалық кезеңде 2-І орын, 2-ІІорын, 3-ІІІ орын иеленген. Республикалық Елбасы медальінің сайысына қатысқан 11 сынып оқушыларымыз Тыныштықбай Аяулым, Ақарыстан Нұрай, Дүйсенова Айымжан қола медалына ие болды. «АЙБЫН-2023» әскери-патриоттық жастар жиынының «АК-74 БӨЛШЕКТЕУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ» әскери-спорттық сайысының облыстық кезеңінде 10 сынып оқушысы Сугурбаева Аяжан І орынды иеленіп, республикаға жолдама алды. Байқоңыр қаласындағы «Восход» МАИ-де «Гагарин оқулары» XLIX халықаралық жастар ғылыми конференциясында 6 сынып оқушысы Мухомедали Нурислам Информатика пәні бойынша І орын алды. Алматы қаласындағы ғарыштық технологиялар мен техникалар бойынша мектептер, колледждер және жоғары оқу орындары студенттері арасындағы 2-ші халықаралық Қазақстандық SMART SPACE конкурсында 8 сынып оқушысы Қуаныш Айвар зымыран модельдері үйірмесі бойынша ІІ орынды иеленді, – деді мектеп директоры.
Жиында Ерлан Теңізбайұлы ІТ мектеп мүмкіндік мекені деді. Сол үшін оқушылармен ІТ бағытта жұмыс жасап, шығармашылығын шыңдау қажеттігі туралы айтты. Бүгінде Қызылорда қаласында 6 білім ордасына ІТ-мектеп-лицей статусы берілген. Мұндай өзгеріс өңірдегі білім жүйесіне жаңашылдық әкеліп, шәкірттердің түрлі бағытта білім жетілдіруіне мүмкіндік беруде. Кеңесте бөлім басшысы мектеп ұстаздарымен кері байланыс жасап,ұсыныс-пікірлерін білдірді.
kyzylorda-news.kz