Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің сапары Ақирек ауылдық округінде жалғасын тапты

Аудан әкімінің сапары Ақирек ауылдық округінде жалғасын тапты

Ақбай халқымен өткен кездесуде аудан басшысы Серік Сермағамбетов жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар жөнінде баяндады.
Кездесу елдімекенде орналасқан «Шеру» шаруа қожалығының егіс алқабы жанында өтті. Қожалық бүгінде 3 гектар жерге бау-бақша өнімдерін егіп, 1,5 гектар жері «Подпленка» әдісімен, ал қалған жартысы қолмен суару әдісімен орналастырған.
«Жылымыз жағымды жаңалықтармен басталды. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен, республикалық бюджеттен биылғы жылға 1,4 млрд. қаржы қаралып, аудан орталығынан аспалы көпірдің құрылысы бастау алды. Оған қоса, қала аумағынан 100 пәтерлі тұрғын үйдің жобасы басталып, бұл үйлер «Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары» санатындағы азаматтар иеленеді. Жылда осылай әртүрлі санатты қамтитын боламыз. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Жоба бүгінде 1 млрд. теңгеге жуық қаражатты құрап отыр.Жол мәселесі де кезең кезеңімен шешімін тауып келеді. Былтыр автожолдарға 2,8 млрд қаржы бөлінсе, биыл 7 млрд-қа жеткізіп жатырмыз. «Ауыл - Ел бесігі» жобасына енген ауылдарды дамытып қана қоймай, барлық елдімекендерді дамыту тұжырымдамасына сәйкес ең бірінші кезектегі жол, су жүйесі, газ тарту мәселелерін шешу үшін үлкен жобалар жүргізудеміз. Қазір электр желілерін жаңғыртуға баса мән беріп жатырмыз. Биыл Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Арал қаласы мен Жақсықылыш кентінде жаңа мектептің құрылысын бастайтын болсақ, оған қосымша Сапақ, Мергенсай ауылдарына да білім ордасын салу жоспарда тұр» - деді, Серік Сағитжанұлы.
Тұрғындар да өз тарапынан жергілікті жердегі шешімін табуды қажет ететін өзекті деген мәселелерді ортаға салды. Өз кезегінде аудан әкімі әлеуметтік салаларға баса мән беріліп, жұмыстар кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Кездесуден соң, аудан әкімі «Асхат» шаруа қожалығының егіс алқабы мен жеке кәсіпкер «С. Нұрмановтың» алма бағына барды. Бүгінде 5 гектар аумақты қамтыған шаруа қожалық егістікке бау бақша дақылдарының түрлі тұқымдарын орналастырған. Өнім маусым айында өз жемісін беретін болады. Ал ауылдық округ маңынан 5 гектар жерге алма өсірген кәсіпкер, 6000 түп ағаш отырғызған. Алқап «Қаһар» каналы арқылы суландырылуда.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
25 мамыр 2023 ж. 236 0