Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Волонтер болу патриотизмің үлгісі

Президент: Волонтер болу патриотизмің үлгісі

Бұл туралы Халықаралық волонтерлер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент кез келген адамның волонтер бола алатынын ерекше атап өтті.

Еріктілерді барынша қолдаймын. Табанды жұмыстарыңызды қолдаймын. Соңғы жылдары елімізде ауқымды жобалар қолға алынды. Қоғамның түрлі саласында белсенді жұмыс істеп жүр. Қазақстанда кез келген адам еріктілер қорына мүше болып, пайдалы іске өз үлесін қоса алады. Шын мәнінде бұл зор мүмкіндік. Біздің волонтерлер Иордания, Кения, Таиланд, Түркия елдеріне арнайы барып, тәжірибе жинақтады. Осы тұста Қазақстан еріктілеріне қолдау көрсетіп жүрген БҰҰ-ның өкілдеріне алғыс айтамын. Былтыр елімізде Орталық Азия волонтерлерінің алғашқы форумы өтті. Осындай маңызды шаралар алдағы уақытта жалғасын табады. Себебі еріктілер қатарында қоғамға адал қызмет көрсету біркүндік немесе уақытша жұмыс емес. Әр волонтердің өз еркімен таңдаған өмірлік ұстанымы. Жалпы волонтер болу патриотизмің, яғни отаншылдықтың үлгісі, - деді Президент.

Еске салсақ, кешеден бері елордада Халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр. Елімізде соңғы 3 жылда волонтерлер саны 3 есеге көбейген. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Халықаралық волонтерлер форумында әлем пандемиядан кейін волонтерліктің қуатына көз жеткізгенін атап өтті. Сондай-ақ шара барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы алапат өрт кезіндегі волонтерлердің ерен еңбегіне тоқталып өтті.
21 маусым 2023 ж. 327 0