Павлодар облысында тұтастай бір отбасы ысты газдан уланып көз жұмды. Оқиға Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында болды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ыстан 4 пен 7 сыныптарда оқитын екі бала және олардың әкесі мен аяғы ауыр анасы да қаза тапқан. Алдын ала болжам бойынша, өткен түні пештен ақау шыққан. Күні бойы отбасынан ешқайсысы байланысқа шықпаған соң кешкі сағат тоғызда туыстарының бірі олардың үйіне барғанда есік ішінен жабық тұрған. Оны бұзып кірген ер адам отбасы мүшелерін тіршілік белгілерінсіз жатқан күйінде тапқан.