Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдік мәжілісі өтті

Әкімдік мәжілісі өтті

Аудан әкімі С. Сермағамбетовтің төрағалығымен кезекті әкімдік мәжілісі өтті. Мәжілісте алдымен 2023 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттің атқарылуы талқыланды. Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т. Рашев хабарлама жасады.
Жыл басынан бері ауданда дамудың оң динамикасы қалыптасып, негізгі 7 макроэкономикалық көрсеткіштер 100 пайыздан жоғары деңгейде орындалды. Есепті мерзімде 13,6 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі, ауылшаруашылығы саласы бойынша 4,7 млрд теңгенің өнімі өндірілген.
Аудан басшысы бірінші жартыжылдық қорытындысымен төменгі көрсеткіштегі салалардағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтып, жауапты бөлім басшыларына өнеркәсіп, балық, тұз өңдеу, кварц өндірістеріне, ауылшарушылығы өнімдерінің өндірілуіне талдау жүргізіп, бірлескен түрде нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен бірге, егіс көлемін арттыру бойынша қабылданған жол картасының жүзеге асырылу барысы, әлеуметтік дүкен ашу сынды жұмыстардың уақытылы орындалуының маңыздылығына тоқталып өтті.
Аудан әкімінің орынбасарларына игерілген қаржыны бақылауға алу, белгіленген жобалардың уақытылы орындалуын қадағалау тапсырылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е. Әбдікеров ауданда салық базасын ұлғайту туралы баяндады.
Жиын барысында бірқатар ауылдық округ әкімдеріне салық түсімдеріне қатысты кемшіліктері ескертіліп, салық түсімдерін нақты жоспарлау қажеттігі айтылды. Жауапты сала басшыларына кәсіпкерлік және өндірістік нысандарға бағалау жүргізу және аудандағы құрылыс жұмыстарымен айналысатын мердігер компанияларға жобалар бойынша жергілікті жерге салық төлеуіне бақылау орнату тапсырылды.
Әкімдік мәжілісінің қорытындысымен жиын барысында берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау аудан әкімінің жауапты орынбасарына жүктелді.


"Толқын" ақпарат
26 шілде 2023 ж. 137 0