Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байланыс сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Байланыс сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Шымкент өңірлері бойынша байланыс инспекциясының басшысы Ержан Тоқтағұлов жұмыс сапарымен ауданға келді. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында байланыс инспекциясы басшысының және сала мамандарының қатысуымен арнайы жиын өтті.
Алдымен аудан әкімі С. Сермағамбетов елді мекендердің ұялы байланыс желісімен қамтылуы жөнінде тоқталып өтті.  Сонымен бірге алдағы уақытта ауыл халқының толық әрі сапалы байланысқа қол жеткізуі үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін айтты. Қазіргі таңда ауданға қарасты 49 елді мекеннің 45-і ұялы байланыс желісімен қамтылған.
Одан соң байланыс инспекциясының өңіраралық басшысы Е. Тоқтағұлов байланыс желісіне қатысты мәселелер бойынша шалғай елді мекендерді аралап шыққандығын және кемшіліктер бойынша зерделеу жұмыстары ұйымдастырылып, тиісті шаралар атқарылатынын айтты.Мұнымен бірге сала мамандарымен бірлесіп жұмыс жүргізудің нәтижелі болатындығына тоқталды.
Жиын барысында аталған тақырып аясында өзге қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
30 шілде 2023 ж. 133 0