Ұялы байланыс қызметінің сапасына тексеру жұмыстары жүргізілді

Осыған орай, телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары аудан орталығынан шалғай орналасқан Құланды, Ақбасты, Қосаман, Жалаңаш, Сазды, Атанши, Шөмішкөл және Ерімбетжаға елді мекендеріне барып өлшеуіш құрылғысы арқылы тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде байланыс жүйесінде ауытқулар бар екендігі анықталды. Соған сәйкес тиісті байланыс операторларына қызмет сапасын жақсарту жөнінде ескерту беріліп, анықталған деректер бойынша қолданыстағы заңнама аясында айыппұл салынатын болды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі