Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Мектеп бітірушілерге облыс әкімінің 40 гранты бөлінді

Қызылорда: Мектеп бітірушілерге облыс әкімінің 40 гранты бөлінді

Kyzylorda-news.kz. Республикасының білім беру мекемелерінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын өңірге қажетті мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан мектеп бітірушілерге 2023 жылға облыс әкімінің 40 гранты бөлінді.
Қызылорда қаласы және қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі орта мектеп бітірушілеріне педагогикалық, техникалық, ауыл шаруашылығы,  қызмет көрсету, энергетика салалары бойынша бакалавр академиялық дәрежесінде мамандарды дайындауға 32 грант,  жалпы медицинаға 8 грант бөлінді.
Қазіргі таңда қала бойынша үміткерлерден құжаттар қабылдау жұмыстары  қаладағы Мұратбаев көшесі № 1Д ғимаратында орналасқан Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 10-18 тамыз аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз.
Бөлімге келіп толық ақпарат алуға болады. 
 Байланыс телефондары: 40-07-97.
Қызылорда қаласы бойынша 2023 жылға облыс әкімі грантының бөлінісі
 
Мамандықтаратауы
Грант саны
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
1
Орыстілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімі
1
2
Шет тілі екі шетел тілі
3
3
Химия
1
4
Тарих
1
5
Информатика
2
6
Физика
1
7
Математика 
3
8
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі 
2
9
Денешынықтыру және спорт
2
10
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
2
11
Электр-энергетикасы
2
12
Инженерлік жүйелер және желілер
2
13
Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру
2
14
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
2
15
Су ресурстары және суды пайдалану
2
16
Дәстүрлі музыка өнері
2
17
Хореография
1
 
Барлығы
31
C. Д. Асфендиярова тындағы ҚазақҰлттық медициналық университеті
 
Жалпы медицина
8
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті
 
Дінтанушы/Исламтанушы
1
 
Жиыны
40
09 тамыз 2023 ж. 124 0