Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Абай күніне орай мерекелік кеш өтті

Абай күніне орай мерекелік кеш өтті

Абай күніне орай "Тәуелсіздік» алаңында "Ұлы халықтың Ұлы Абайы" атты мерекелік кеш өткізілді. Аталмыш шара Ұлы ақын өлеңдерінен үзінді оқумен басталды.
Абай мұраларында барша халықтың болмысы мен бітімі, тұрмысы мен тіршілігі, діні мен ділі, мінезі мен рухы жатыр. Абайдың өз заманында жазған еңбектері бүгінгі қоғам үшін де өзектілігі мен құндылығын жоғалтпай, жанданып келеді.
Шарада Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» сынды белгілі әндері жанды дауыста шырқалды. Сонымен бірге ұлы ойшылдың өмірі мен шығармаларынан әр түрлі викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
"Толқын" ақпарат
11 тамыз 2023 ж. 140 0