Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2019 жылғы 12-14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Республикамызда өткінші температураның төмендеуіне себеп болған солтүстік-шығыс тропосфералық ағындары батыс және оңтүстік-батысқа ауысты. 
Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы климаттық мәнге жақын болады. Республикамыздың оңтүстік облыстары арқылы циклон жылжып, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа температурасының жоғарылауын және жауын-шашын тудыратын болады. Ал Қазақстанның қалған аймағы антициклонның ықпалында жауын-шашынсыз ауа райында болады.
baq.kz
11 ақпан 2019 ж. 953 0