Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда екі университеттің атауы өзгерді

Қазақстанда екі университеттің атауы өзгерді

Ғылым және жоғары білім министрі 2023 жылғы 1 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұйрықта екі жоғары оқу орнының атауы өзгертілді.

Мәселен, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КЕАҚ бұйрығымен «Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КЕАҚ болып өзгертілді. Университетке Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілді.

Университетке Өзбекәлі Жәнібеков есімін беру жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының мәртебесін арттырып, Қазақстан ғалымының университет ғылымының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалайтынын көрсетеді.

Сондай-ақ «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ атауының транскрипциясы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ болып өзгертілді.

Бұйрық 2023 жылдың 25 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі.
16 тамыз 2023 ж. 175 0