Бағдарлы бастамалар баянды істерге бастады

Мұнан соң аудандық фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Шәрбану Жангүшікова, «Вокзал» бастауыш партия ұйымының төрағасы Кенжебек Тілепов және «Жастар рухы» ЖҚ Арал ауданы бойынша жетекшісі Ержан Сабырбай сөз сөйлеп, партияның өзіндік орнымен жеткен жетістіктерін ортаға салды.
Сондай-ақ, конференцияда аудандық мәслихат депутаты Еркебұлан Аяғанов партяның сайлауалды бағдарламасы мен тұғырнамасын орындауда облыс пен ауданда көптеген жұмыстар орындалғаны, соның ішінде партиялық жобаларды жүзеге асыруда ілгерілеу бар екенін жиналғандар назарына ұсынды. «AMANAT»партисяның атқарушы хатщшысы, аудандық мәслихат депутаты Талғат Қанатов Арал аудандық саяси кеңестің жаңартылған құрамын көпшілікке таныстырып, Қызылорда облыстық конференцияға делегаттардың тізімін ұсынды. Бұл ұсыныс кезектен тыс есеп беру конференциясында партия мүшелері тарапынан қолдау тапты. Жиын соңында «AMANAT» партиясының төрағасы жаңадан партия қатарына қосылған жастарға партиялық билеттер табыстап, оларға елдің сенімін иеленген саяси құрылымның абыройын асқақтатуға сенім білдірді.
А. ЖАЙШЫЛЫҚ