Арал ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында ауқымды жұмыстар жүруде

«Көпір құрылысының сапалы жүргізілу – бәрімізге ортақ міндет. Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сай жүруі тиіс. Оған ел азаматтары бір кісідей жұмыла, жанашырлықпен қарауымыз керек»- деді Серік Сағитжанұлы.
Мұнан соң аудан әкімі «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында сатып алынатын пәтерлерді көрді. Айта кетейік, биыл бағдарлама аясында Арал қаласынан 100 пәтерлік 50 үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 11-і Жақсылық Тілеубаев көшесінің бойынан тұрғызылуда. Аталған баспаналар әлеуметтік жағдайынан осал топтағы отбасыларға қараша айының соңында табысталады деп күтілуде.
Жайлы мектеп бағдарламасы бойынша алдағы екі жылда Арал ауданынан 4 мектеп құрылысын жүргізу жоспарланса, биыл алғашқысының құрылылысы басталды. "Арай" шағын ауданындағы 300 орындық заманауи білім ордасының құрылысын «Бақ-Береке» ЖШС-і жүргізбек. Қазіргі таңда құрылыс материалдарын жеткізу жұмыстары жүргізіліп, жер учаскесін тегістеу шаралары жүргзілуде.


