Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Жолдауы: АЭС салу мәселесі референдум арқылы шешіледі

Президент Жолдауы: АЭС салу мәселесі референдум арқылы шешіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ірі өндіріс орындарының экологияға зиян келтіріп жатқанын, кәсіпорындарда жұмысшылардың мертігіп, қазаға ұшырауы жиілегенін сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамығаны баршаға белгілі. Осы сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көзі болып келеді. Болашақта да солай болуға тиіс. Көптеген металдың әлемдік нарықтағы бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Соған қарамастан ірі өндіріс орындарына жақын тұратын жұрттың наразылығы күшейіп барады. Олар экология нашарлап, денсаулыққа зиян келтіріп жатқанын айтып, шағымдануда», деді Мемлекет басшысы.

Бұдан соң ол жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көп болып кеткенін айтты.

«Үкімет кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет. Сондықтан ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс», деді Президент.
01 қыркүйек 2023 ж. 280 0