Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі С.Сермағамбетовтің Білім күніне арналған мерекелік құттықтауы

Аудан әкімі С.Сермағамбетовтің Білім күніне арналған мерекелік құттықтауы

Ардақты ұcтаздар!
Қымбатты оқушылар мен ата-аналар!
Сіздерді бүгінгі алғашқы қоңырау салтанатты шарасымен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін барлық оқушылар үшін есте қалар ерекше күн. Себебі жаңа оқу жылының басталуымен бірге мектеп қабырғасына тарыдай болып келген оқушылар ойлары толысып, тағы бір сыныпқа жоғарылайды. Ал, білім ордасының табалдарығын алғаш аттағалы отырған жас бүлдіршіндеріміз болашақтың биік баспалдағына қадам басқалы тұр.
Ертеңгі күн бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Сондықтан ел ертеңінің жарқын болуына, сауатты да салауатты ұрпақ қалыптастыруда мемлекет үшін білім саласы қашан да маңызды болып қала бермек.
Болашақ ұрпақтың білім нәрімен сусындатуда, оқушылардың ынталандыру мен жігерлендіруде мұғалімдердің рөлі ерекше. Шәкірт тәрбиелеудегі еселі еңбектері үшін ұстаздар қауымына алғысымды білдіре отырып, қызметтеріңізге табыс тілеймін!
Құрметті жас достар!
Келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын!
Ел ертеңі еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Серік Сермағамбетов

Фото: enbekshi-shu.mektebi.kz
01 қыркүйек 2023 ж. 128 0