Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ардагерлері жастар өкілдерімен кездесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ардагерлері жастар өкілдерімен кездесті

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ардагерлерімен кездесу өткізілді. Басқосуды аудан әкімі Серік Сермағамбетов ашып жүргізіп:
- Айдынды Арал өңіріне қош келдіңіздер! Бүгінгі кездесуге қауіпсіздік қызметіне, әскери қызметке қызығушылығы бар жастар қатысуда. Қай салада болмасын ел бірлігін нығайту мен жас буынды тәрбиелеуде және оларға ақыл-кеңес беруде ардагерлердің рөлі зор – деп, ардагерлерді ыстық ықыласпен қарсы алды.
Мұнан соң, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ардагері Қуанғали Данахмет бүгінгі кездесудің мән маңызына тоқталды.
- Соңғы жылдары орын алған түбегейлі өзгерістерге сәйкес, бүгінде Мемлекет басшысының нақты тапсырмалары негізінде елімізде ауқымды істер атқарылуда. Жастар қашанда жасампаздықтың, жаңа бастамалардың жүзеге асырушылары болып табылады. Осы орайда, біз ардагерлермен бірлесіп жаңаша бағытта жастармен кездесулер өткізудеміз. Келешек жас буынмен етене араласа отырып, оларды тәрбиелеу жолында өнегелі де өркенді істерге ұмтылуға жастарға тың жігер беруіміз қажет, - деп патриоттық сезімді жоғарылату мен қызметтік парызды орындаудағы талаптар жөнінде ой бөлісті.
Жиын соңында аудан басшысы Серік Сағитжанұлы келген қонақтарға алғысын білдіре отырып, естелік сыйлық табыстады.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
20 қыркүйек 2023 ж. 235 0