Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сақшылар «Еңбек» мерекесі күні ардагерлермен кездесті

Сақшылар «Еңбек» мерекесі күні ардагерлермен кездесті

Биыл қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек» күні мерекесі қарсаңында Арал ауданының полиция бөлімінің мәжіліс залында бөлім бастығы, полиция подполковнигі Нұрбек Айтбайұлы Шегебаев қызмет атқару барысында жақсы көрсеткіштермен көзге түскен бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары, полиция майоры Нұрғали Байұзақұлы мен полиция капитаны Нұрбек Нағашыбайұлы Мақашевты және бөлімнің криминалды полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Айдар Шөменұлы Ембергеновті «Еңбекқор сақшы» номинацияларымен марапаттап, құттықтау сөздермен сәттілік тілеп, арнайы дипломдар табыс етті.  Сонымен қатар ішкі істер органдарында 30 жылдан астам қызмет еткен және қызметте үлкен практикалық кәсіби тәжірибесі бар Арал ауданы полиция бөлімінің ардагерлері және ардагерлер төрағасы Жаңабаев Жолдыбай Отарұлы және Есентүгелов Талғат Есентүгелұлы ағаларымызбен арнайы кездесу ұйымдастырылып, іс-шара барысында жеке-жеке сөз алған  ардагерлеріміз елге  адал еңбек  ету үлгісі,  халыққа мүлтіксіз әрі сенімді қызмет көрсету дағдысы, азаматтарға қалтқысыз еңбек жасау арқылы елдің үлкен сеніміне ие болу қажеттігі туралы тәжірибеден өткен оқиғалары әңгіме арқауына айналды.
Біздің құрметті ардагерлеріміз өздері еңбек еткен жылдардағы  салиқалы әңгімелерімен  бөлісіп,  ақыл-кеңестерін  ортаға  салды.
Іс-шара соңында Арал ауданының полиция бөлімнің бастығы, полиция подполковнигі Шегебаев Нұрбек Айтбайұлы бөлімнің ардагерлеріне және жеке  құрамның  еңбек  жолдарына  үлкен  сәттілік  тіледі.
А.Байоразова,
Арал ауданынынң Полиция бөлімі бастығының
кадр саясаты жөніндегі орынбасары,
полиция полковнигі

27 қыркүйек 2023 ж. 211 0