Ардагерлерге құрмет көрсетті

Арал ауданының полиция бөлімінде бөлімнің ардагерлер кеңесінің мүшелері және жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен ішкі істер органдарының ардагері Байтақ Сүлейменовті мерейлі 70 жасқа толуына және бөлімнің ардагерлер кеңесінің төрағасы Жалдыбай Жаңабаевтың 62 жасқа толуына орай салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында бөлім бастығы, полиция подполковнигі Шегебаев Нұрбек Айтбайұлы сөз алып, бөлімнің ардагерлері Байтақ Сүлейменов пен Жалдыбай Жаңабаевты мерейлі мерекелерімен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Қызылорда ОПД-нің, бөлімнің ардагерлер кеңесінің және бөлім басшылығының атынан құттықтау хаттарын табыстап, құрмет көрсетілді.
– "Ақсақалын ардақтаған ел озар" деген. Сіздерді бүгінгі мерейлі белестеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Алдыңғы буын ағалар, сіздердің жастарға берер тәлім-тәрбиелеріңіз көп. Біздің еңбек жолымыз қиындықтан құралған аса ауыр сала болса да, сіздердің есімдеріңіз ерекше істеріңізбен қалды. Сондықтан әркез аман болып, ақылшы болып ортамызда жүре беріңіздер, – деді ол.
Құрмет төріне көтерілген ардагерлер іс-шара соңында Қызылорда облысы полиция департаментіне және бөлімнің ардагерлер кеңесіне, жеке құрамға алғыстарын білдіріп, қызметкерлерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
«Толқын» ақпарат