Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда алғаш рет өт пен бауырға тіліксіз операция жасалды

Аралда алғаш рет өт пен бауырға тіліксіз операция жасалды

Қызылорда облысы Арал ауданында алғаш рет бауыр мен өт қалтасына лапороскопиялық операция жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Күрделі процесті жоғары санатты хирург Әмірхан Жүсіпов бастаған мамандар сәтті атқарып шықты. Ол хирургия саласында тер төккен 40 жыл ішінде 10 мыңдай операция жасап, мыңдаған науқастың аман қалуына сеп болған. Ізденімпаз жанды жерлестері тек Арал ауданына ғана емес, бүкіл аймақ медицинасына елеулі еңбегі сіңген азамат ретінде құрмет тұтады. Президент де жолдауда "Үкімет денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет" деген болатын.

Сурет: ​24.kz​​​
30 қыркүйек 2023 ж. 373 0