Қызылорда: Жақсықылышқа қашан газ барады?

Арал ауданы, Жақсықылыш ауылының тұрғыны Әуесхан Данашбай:
— 6 мыңнан астам тұрғыны бар Жақсықылыш ауылы Арал қаласы сияқты газға қашан қосылады?
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев:
— Арал ауданындағы Жақсықылыш ауылына бюджеттен 400 млн.теңге қаражат бөлінді. Бюджеттің жағдайы көтерсе биыл, немесе 2020 жылдың I жартыжылдығында ауыл толық газбен қамтамасыз етіледі.