Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан ұстаздары құрметке бөленді

Аудан ұстаздары құрметке бөленді

Кеше аудан орталығында Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш өтті.
Ұрпақ тәрбиелеуде өзінің уақытын аямай, шәкірттерінің бақытын аялай білген жандарға арналған салтанатты шараға аудан әкімі Серік Сермағамбетов қатысып, мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтады.
«Келешектің талантты да дарынды иелерін тәрбиелейтін өздеріңіз. Сондықтан да сіздерге артылар сенім мен үміт жоғары. Өздеріңіздің салған сара жол, білім даңғылы жас мемлекетіміздің болашаққа нық қадам басуының кепілі болмақ. Бүгінгі мерейлі сәтті пайдалан отырып, Сіздерге және ұжымдарыңызға жемісті жетістіктер тілеймін. Шығармашылық жолдағы еңбектеріңіздің нұрлы шуағына әрқашан да бөлене беріңіздер»-деп ізгі лебізін білдірді.
Мұнан соң аудан әкімі білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мұғалімдер мен тәрбиешілерге құрмет көрсетті. Сондай-ақ болашақ ұрпақты білім нәрімен сусындауына қажырлы еңбек еткен ұстаздарда осы кеште арнайы медалдардмен марапаттады. Мұнымен қоса «Алтын белгі» иегерлерінің бастауыш сынып жетекшілеріне «Біркөлік» шипажайына жолдама берілді.
Жастардың еш кедергісіз білім алуы жолында аянбай жақсылық жасап, демеушілік танытқан ауданның атымтай азаматтарына да алғыс білдірді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
11 қазан 2023 ж. 290 0