Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтің Ұстаздар қауымына арнаған құттықтауы

Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтің Ұстаздар қауымына арнаған құттықтауы

Ардақты білім саласының ардагерлері!
Қадірменді аудан тұрғындары!
Адам баласы қай заманда болсын жаңаны біліп-тануға, ғылым мен техниканы игеріп, білімді тоқуға құштар. Атадан балаға жалғасын тапқан осы сабақтастық бүгінгі таңда әлемдегі ақпараттық қоғамның қарыштап дамуына әкеліп отыр.
Ұстаз – жоқ жерге бардың шырағын алып барған, шәкірт зердесіне асыл қасиетті дарытқан, білімнің бағдары, ұрпақтың бағбаны болған киелі мамандық иесі. Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем берген қазақ қашанда ұстазынан құрметін аямаған.
Мемлекетіміз әрбір педагог маманының еліміздің дамуына қосып отырған үлесін жоғары бағалайды.
ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ!
Келешектің талантты да дарынды иелерін тәрбиелеп жатқан ұлағатты ұстаздарға, білім саласының барша қызметкерлеріне, көңілдегі қуаныш пен ыстық ықылас тоғысқан бұл күн Сіздерді табыстар мен жетістіктер шыңына жетелей берсін!
Шығармашылық жолдағы еңбектеріңіздің нұрлы шуағына әрқашан да бөлене беріңіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов
05 қазан 2023 ж. 270 0