Арал-Ас 2019 жылды жеңіспен бастады

"Я! Біз алдық. Белгілейін десем көп, жалпылама айтайын. Жалпы ойынға рақмет, қолдаған достарға рақмет, сенген жанкүйерлерге рақмет. Соңына дейін жүрген жігіттерге рақмет! Бұл кубок туған күн секілді. Тек туған күнді жыл сайын 24 сағат тойласаң, бұл кубокты өмірде бір рет 12 сағат тойлайсың! Бірақ осы 12 сағат үшін қаншама тер төгілді. "Еңбекпен жеген нан тәтті болады" дейді. Осыған үлес қосқан аға-апаларымызға және бізге кез келген жерге саты (лестница) болып жүрген інілеріме рақмет айтамын. Көрермен болып келген жанкүйерлер сезінген болар чемпион болу қандай екенін. Соны ауылға жеткізе алмай жатырмыз. Арал-Супер кубок бізде" деді "Арал-Ас" командасының жетекшісі Төребек Дәрмағамбетов. Маңызды жобаларда әрқашан туған жерінің атын асқақтатып жүрген Аралдық жігіттерді бұл жеңістерімен біз де құттықтаймыз.
А.Бисенов.