Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қызылорда облысы Шөміш станциясына барады

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қызылорда облысы Шөміш станциясына барады

Қызылорда облысы тұрғындарына біліктілігі жоғары дәрігерлердің көмегі қолжетімді болмақ. Шөміш бекетіне «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы барады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

«Саламатты Қазақстан» медпойызы – әлеуметтік жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Samruk-Kazyna» АҚ компаниялар тобының атынан, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қорымен бірлесіп жүзеге асыруда. «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасының басты ақпараттық серіктесі – ҚР Президентінің Телерадиокешені.

ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демогрфиялық саясат ұлттық комиссиясының қолдауымен биыл алғаш рет әлеуметтік қолдау, зейнетақы тағайындау, әлеуметтік төлем, атаулы әлеуметтік көмек жөнінде кеңес алуға мүмкіндік жасалды. Сонымен бірге шалғай ауыл тұрғындары медиация және заңгерлік кеңес ала алады.

Медициналық пойыз Шөміш станциясына бүгін 22:33-де келіп, 23 қазан 23:30-ға тұрғындарды қабылдайды.

Жоба аяқталғанша (2023 жылдың 6-желтоқсанына дейін) барлығы 18 мың шақырым жол жүреді. Мамандар медициналық, медиациялық, құқықтық кеңес, көмек ала алмай жүрген адамдардың мұң-мұқтажын тыңдап, ем-дом жасайды, ақыл-кеңесін береді. Биыл ауыл халқы терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр секілді салаларды қамтитын жоғары білікті мамандардың қабылдауында болып, қажет кезде шағын ота да жасата алады. Тіс емдеу, жұлу да тегін. Пойыз ішіндегі аппараттың бәрі заманауи талапқа сай. Онда УЗД, флюорография аппараты, зертхана бар. Сонымен бірге интернетке қосулы.

Айта кетейік, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-і бұған дейін «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының бағытын бекітті. Пойыз 26-сәуір күні Алматы-2 теміржол вокзалынан шықты. Жұмысын 6-желтоқсанға дейін жалғастырады. Бұл жолы да медициналық пункті жоқ, шалғай ауылдарға басымдық берілді.

syrboyi.kz
22 қазан 2023 ж. 317 0