Бірқатар мәселе депутаттар назарында

Жиында бірінші мәселе бойынша ауылдық округ әкімдері сөз сөйлеп, бюджет қаражаты туралы толықтай таныстыру жүргізді. Және кейбір үнемделген қаржыны ауылдың, кенттің дамуына тиісті салалар бойынша жұмсау бағытындағы ұсыныстарын білдірді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық «Мәдениет және Спорт» бөлімінің басшысы Б.Махатов баяндама жасап, өз пікірін комиссия талқысына ұсынды.
Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б.Төрахметов мәслихат құрылымы мен штаттық кестесі, қызметтік автокөлік лимитін бекіту туралы өз баяндамасын жасады.
Көтерілген мәселелерге қатысты депутаттар өз сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Алдағы уақытта бағытталған жұмыстар атқарылып, тиісті шешімдер қабылданатын болады.
«Толқын» ақпарат
Фото: aqmeshit-zhastary.kz