Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

АРАЛДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Арал ауданында алғаш рет Арал тауар өндірушілерінің көрмесі өтті. Оған жергілікті 40-тан аса кәсіпкер қатысып, өз өнімдерін сөреге қойды.
Өңіріміздегі кәсіпкерлік саласы жыл сайын қанатын кеңге жайып келеді.Мемлекет тарапынан өз ісін бастаймын деген жандарға түрлі қолдаулар да жүзеге асуда. Соның нәтижесінде, аудандымыздағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6325 бірлікке жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,9 пайызға артқан. Оған қоса, жыл көлемінде мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 3 миллиард теңгеден аса қаржыға 172 жобасы несиелендірілді.
Бүгінгі өткен тауар өндірушілер көрмесіне кәсібін жаңадан бастаған және өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынып үлгерген кәсіпкерлер қатысты.
 «Қазкргі таңда біздің ауданда кәсібін бастаймын деген азаматтарға мүмкіндіктер толығымен қарастырылған. Оған дәлел, 2023 жылғы наурыз айында жаңадан кәсіп бастағысы келетін және кәсібін кеңейтуге ниетті азаматтарға 2,5 пайызбен несие беріле бастады. Мұнымен қоса, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 1 миллион 380 мың теңге  құрайтын қайтарымсыз грант, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 5 млн. теңгеге дейінгі грант алу байқауы сынды қолдаулар өз жалғасын тауып келеді. Бүгін, міне осындағы бірсыпыра азаматтар аталған қолдаулардың көмегімен өз кәсібін дөңгелетуде. Бүгінгі көрме жұмысы өз нәтижесін беріп, Сіздердің жаңа идеяларыңыз бен жобаларыңыз өңіріміздің дамуына өз септігін тигізетіндігіне сенімдемін» - деп, аудан әкімі Серік Сермағамбетов өзінің ізгі лебізін білдірді.
Айта кетейік, өткен жылы Арал ауданында «Кәсіпкерлер үйі» бой көтерген болатын. Бір терезе қағидатында жұмыс жасап жатқан орталықта кәсіпкерлер үшін барлық қолайлы жағдай қалыптастырылған. Сондай-ақ, азаматтарға тегін кеңес беру, құжаттарға сүйемелдеу жұмыстары да жүргізіліп келеді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
30 қараша 2023 ж. 423 0