Семейлік студенттер үш бірдей жаңа дүние ойлап тапты

Болашақ ақ халаттылар әкелген келесі бір жоба – «Touch me» деген атқа ие. Ол көзі көрмейтін немесе нашар көретін балаларға арналған жоба екен. «Бұл жоба көзінде ақауы бар бүлдіршіндерге арналған. Мысалы ата-анасы оған қандай да бір жұмбақ айтады делік. Ол оны қолымен ұстап, қандай зат екенін білуі шарт. Осы арқылы біз баланың қолдарының сезу қабылетін арттырмақпыз. Сол сияқты жақында ғана тағы бір кітап ойлап таптық. Ол да бүлдіршіндердің қолының моторикасын дамытуға арналған. Бөбектер осындай кітапшалар арқылы сандарды, әріптерді таниды, бауды байлап үйренетін болады»,-дейді форумға қатысушы студенттер.
Ал аталмыш университеттің «Стоматология» факультетінің студенті Сұлтанов Нұрсұлтан болса тістің пішінін қалыпқа келтіруге арналған салманы жасап шығаратын құрылғыны ойлап тапқан. Ол бұл құрылғы шетелдік құрылғыларға қарағанда әлдеқайда арзанға түседі дейді.
«Бұл жобаның аты – «Dentis Device» деп аталады. Ол арқылы адамдар тісті түзету салмасын салып, тістердің орналасу ретін жақсарта алады. Біз тістің түзу болуын қамтамасыз ететін салманы жасап шығаратын құрылғыны ойлап таптық. Бұл құрылғыға сұраныс көп. Неге дейсіздер ғой? Себебі жыл сайын «тіс дәрігері» мамандығын бітіретін студенттердің саны 1000-нан асады екен. Алайда олардың тек 10%-ы ғана өздерінің жекеменшік клиникаларын ашуға мүмкіндік алады және олардың басым көпшілігі мұндай құрылғыны шетелден, қымбат бағаға сатып алады екен. Ал біздің құрылғылар шетелдік құрылғыларға қарағанда әлдеқайда арзан және оны пайдалану жолы да өте жеңіл. Әзірге мұндай құрылғының бағасын шамамен 60 мың теңге деп бағалап отырмыз. Біздің басты мақсатымыз салманы жасайтын құрылғыны барынша автоманттандыру. Қазірдің өзінде температура датчигін орнатып үлгердік. Жобаны жүзеге асыру барысында білікті тіс дәрігерлерінің кеңестеріне де жүгіндік», — дейді студенттер.
Айта кетерлігі, АХҚО Үздіксіз кәсіби даму бюросының қолдауымен өткен NEXT GENERATION LEADERS FORUM» шарасы елімізде биыл жарияланған жастар жылы аясында «ENACTUS Qazaqstan» қорының жыл сайынғы іс-шаралар легінің алғашқыларының бірі болып табылады. Форумның басты мақсаты – жас кәсіпкерлер мен болашақ іскери көшбасшыларға өздерінің жобаларын таныстыруға мүмкіндік беру, сондай-ақ, ірі халықаралық компаниялар, жеке бизнес, қаржылық институттар мамандары және сарапшыларымен тәжірибе алмасу болып отыр.