Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының жаңа құрамына кімдер енді

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының жаңа құрамына кімдер енді

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының жаңа құрамы анықталды, деп хабарлайды Kazinform. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ІХ сессиясында облыстық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы мәселе қаралды.Осыған дейін облыстық сайлау комиссиясының құрамы Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 290 шешімімен 5 жыл мерзімге бекітілген еді.

Облыстық мәслихат сайтында саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктерге және жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына 10 қараша мен 8 желтоқсан аралығында облыстық сайлау комиссиясының құрамына үміткер ұсыну туралы хабарландыру жарияланды.

Соған сәйкес облыстық сайлау комиссиясының құрамындағы 7 орынға бес партиядан бір-бірден 5 үміткер ұсынылды.

Олардың қатарында «AMANAT», «Ауыл», «Ақжол», Қазақстан халық партиясы, Respubliсa партиясынан үміткерлер болды.

Ал «Қызылорда қаламгерлерінің қауымдастығы», «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры секілді қоғамдық бірлестіктерден бір-бірден үміткерлер ұсынылды.

Сессия отырысында күн тәртібіндегі мәселе жан-жақты талқыланды.

Үміткерлердің құжаттары жан-жақты зерттелгендігіне назар аударылды.

Нәтижесінде облыстық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидаттарға қатысты ашық дауыс берілді.

Депутаттар бұл ұсынысты қолдап, ұсынылған шешім жобасын бірауыздан бекітті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Маңғыстауда сайлау комиссиясының жаңа құрамына 7 партияның өкілдері кірген еді.

syrboyi.kz
Сурет: ​syrboyi.kz​​​
29 желтоқсан 2023 ж. 306 0