Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысымен кездесті

Облыс әкімі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысымен кездесті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысына іссапармен келген «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы, генерал-майор Қуанышбек Үштаевпен кездесті.

Кездесуде Қызылорда облысының аумақтық қорғанысын нығайту және дамыту бағытындағы мәселелер талқыланды.

Қуанышбек Өскенбайұлы Сыр өңіріне сапары барысында Қызылорда гарнизонымен танысып, 16-18 қаңтар күндері аумақтық қорғаныс бригадасы өткізетін командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуына қатысады.

Аймақ басшысы аталған іс-шараның маңыздылығын айтып, оқу-жаттығудың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz

Фото: syrboyi.kz
18 қаңтар 2024 ж. 372 0