Әлеуметтік нысандарды аралады

Келесі кезекте "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектеп құрылысы алаңында болды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қолдауымен "Жайлы мектеп" жобасы аясында аймақта 21 мектеп салу жоспарланса, соның төртеуі осы Арал ауданында бой көтеретіндігі туралы осыған дейін де талай айтқанбыз. Қазіргі таңда алғашқы мектептің құрылысы басталып кеткен болатын. Мұндағы құрылыс қарқынын бағамдаған Аманжол Сақыпұлы осы жоба аясындағы екінші мектептің де орнымен танысты. Аудан басшысы қажетті құжаттарды жақын арада реттеп тиісті жағдай жасалып, құрылыс жұмыстарын бастау кедергісіз өтуі тиіс екенін ескертті.
Одан кейін А.Оңғарбаев темір жол вокзалында болды. 120 жылға жуық тарихы бар жергілікті тарихи-мәдени мұра нысаны саналатын темір жол вокзалының жұмыс барысы мен нысан аумағымен бақылаған аудан басшысы «Теміржол вокзалының маңайын да ретке келтіру бірінші кезекте атқарылуы тиіс жұмыстардың қатарынан болуы қажет. Өзге өңірлерден келген меймандарымыз осы вокзал арқылы Арал қаласының бет-бейнесін бағамдайды. Теміржол вокзалы аумағындағы барлық объектілерді талапқа сәйкестендіруді тапсырамын. Белгіленген мерзім ішінде кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеттерін ретке келтіру керек» деп нақты тапсырмалар жүктеді.
О.ЖОЛДАСОВ